CWG ӨНЕРКӘСІПТІК АВТОМАТТАНДЫРУ

Біздің өндірістік желілерді, технологиялық процестерді автоматтандыру және жобалау, жабдықтарды жүйелік интеграциялау және түрлі өнеркәсіптік нысандарды басқару жүйелерін жасау саласында ауқымды тәжірибеміз бар. Біліктілігі жоғары мамандар түрлі деңгейдегі автоматты басқару жүйелерін әзірлейді: диспетчерлендірудің дискретті жүйелерінен бастап, адаптивті деңгейдегі интеллектуалды жүйелерге дейін. Біздің тәжірибе ТП АБЖ интеграциялауға ең алдымен кәсіпорын басшыларының қызығушылық тудыратынын көрсетті. Егер технологиялық процес көп еңбекті қажет етсе, механизмдерді басқаруда орталықтандыру және келісім болмаса, барлығы өз бетінше жеке жұмыс жасаса, ал технологиялық процестерді орындау уақыты қанағаттанарлықсыз болса, осындай қажеттілік туындайды. Әсіресе өндіріс процесінің экономикалық тарабы маңызды фактор болып табылады.
Біздің компания жекелеген кәсіпорындардың жұмыстарына және технологиялық ерекшеліктеріне дәл келетін үлгілік жобалар бойынша өндірістік процестерді басқаруға арналған шкафтарды және арнайы әзірленген қалқандарды жасайды. Басқару шкафтарын және автоматтандыру шкафтарын құрастыру өнеркәсіптік өндіріс пен әлеуметтік қамтамасыз етудің көптеген салаларында талап етіледі:
  • Сумен қамту және су бұру, сорғы станциялары, компрессорлы жабдықтар.
  • Жылумен қамтамасыз ету және қазандықтардың, сондай-ақ пештердің жұмыс жасауы.
  • Орталықтандырылған желдету және кондиционерлеу.
  • Түрлі мақсаттағы ғимараттарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр энергиясымен қамту.
  • Технологиялық процестерді диспетчерлеу.
  • Кәсіпорындарды технологиялық қамтамасыз ету: машиналар, зауыттардағы, фабрикалардағы және басқа да нысандардағы станоктар.
  • Телемеханика және электр энергиясын таратуды басқару.
Сұранысқа ие өнімдер – кез келген өндірістік кәсіпорынға бейімделетін және түрлі нысандардағы диспетчерлік пункттер мен автоматтандырылған жүйелер үшін қолданылатын әмбебап қалқандар.




Жеке жобаны есептеу немесе КҰ алу үшін бізге хабарласыңыз
Байланысуға арналған деректер:
+7 727 373 4512
+7 771 759 5028
rz@cwg.kz